gallery/sky1

   Табиғат  жаратылысы  өзіне  тән  жыл  он екі ай  төрт  мезгілмен ұштасады. Әр  мезгіл  өз сұлулығымен   таңдай  қақтырарлықтай. Міне, басқа  маусымдарға  ұқсамайтын  келбетімен  күз де келіп  жетті. Сары жапырақ  қоңыр  салқын  ауа-райы, қара  суық  жер күзге  тән  қасиет. Мектепке  асыққан  бала, қоймасын  астыққа  толтырған диқаншы, қыс  азығын  жинаған  шаруа, еңбекпен  біте  қайнасқан  тірлік  күз мезгіліндегі  қызықты  жайттар. Сондықтан  күз - молшылықтың, байлықтың, берекенің  мезгілі  болып  саналады.  
   Осындай  тамаша  жыл  мезгілінде  біздің  мектепте оқушыларын  арасында  «Күзгі  бал» мектепішілік  байқауы  болып  өтті. Байқаудың  мақсаты  оқушыларды  сахна  мәдениетіне үйрету. Байқау  4 бөлімнен  тұрды. Барлық  қатысушылар  байқауға  жақсы  дайындықпен келген. Сынып  жетекшілер  мен  ата-аналар да  үлкен жауапкершілікпен  қарағандары байқалды. Байқау  шарты  бойынша  «Бас  жүлдені» ең  кішкентай  қатысушымыз   Алпысбай Райиан  жеңіп  алды. Сондай-ақ,   Кәрімқызы  Нурияның  «Аққу» биі,  Карипова  Каринаның оқыған  күз  туралы  өлеңі, Чолак  Элифнұрдың  әні, Серік  Айгерімнің  қолдан  жасалған  киім үлгісі әділқазылар  алқасын  және  барша  жиналған  қауымды  таңқалдырды. 
     Күзгі балға  жиналған  барша  көрермен      жақсы  көңіл-күймен тарасты.  

gallery/p_ierpkytom

Күзгі бал